KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 3 м/с, В
441.66 475.14 4.86

Битум мәселесі шешілді, барлық жол жөндеу жұмыстары қайта жанданады

11.09.2017, 09:13 127

Облыстағы жол-құрылыс саласына қажетті битум тапшылығы мәселесі шешімін тапты. Қазір өңірдегі барлық жол жөндеу жұмыстары қайтадан жанданды.


Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында өңірдегі битумның тапшылығы салдарынан жоспарланған жұмыстың бәрі кейінге шегеріліп, шығысқазақстандық кәсіпкерлер мәжіліс депуттарына шағым түсірген болатын. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Әсет Сұлтановтың айтуынша, жуықта аталмыш мәселенің шешімін табу үшін Астанада арнайы кеңес өткізілген.


– Ағымдағы жылы облыс жолдарын жөндеу мақсатында 5,7 миллиард теңге қарастырылған. Жалпы, биыл жол жөндеу жұмыстарының көлемі көп болғандықтан битумның тапшылығы туындады. Қазір өңірдегі жол-құрылыс саласымен айналысатын барлық мекемеге қажетті мөлшердегі битум көлемі бекітілді, - дейді Әсет Сұлтанов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив