KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 4 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да экспорт ұлғайып, импорт төмендей түсті

8.09.2017, 09:02 294

Шығыс Қазақстан облысының сыртқы саудасы былтырғы жылы 3,8 млрд. АҚШ долларын құрады. Облыстың экспорт көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 2,7 пайызға артып, 2,2 млрд. теңгеге жеткен.


Импорт 1,5 млрд. доллар болып, 16,8 пайызға төмендеген. Аймақтың жалпы экспортында өңделген тауарлардың салыстырмалы үлесі 85 пайыз немесе 1,9 млрд. АҚШ долларының өнімін құрап отыр.

Қазақтан аймақтарының арасында Шығыс сыртқы сауда көлемі бойынша 8 - орында (алып отырған үлесі 6,1 пайыз), экспорт көлемі бойынша да 8- орында, өңделген экспорттық өнімдер бойынша 2 -орында (алып отырған үлесі 14,6 пайыз) тұр.


Облыстан шетелге шығарылып жатқан өнімдердің басым бөлігі-металл өнімдері болып отыр, шетел нарығына жөнелтіліп жатқан өнімдердің арасында күміс, алтынмен қоса машина жасау өндірісі өнімдері, басқа да өнеркәсіптік тауарлар бар. Қазіргі күні облыстың 51 кәсіпорыны шетелге шығаратын тауар өндірушілерді қолдау мақсатында құрылған «Экспорттаушы анықтамалығына» енігізіліп отыр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив