KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 3 м/с, Ю
495.95 524.37 4.98

Lada көліктерін ең көп сатып алатын елдер - Қазақстан мен Беларусь

16.01.2019, 07:19 144

Ресейде шығарылтын Lada автокөліктерінің ең көп экспортталатын елі – Қазақстан. «Колёса» сайтының хабарлауынша, 2018 жылы елімізге 13 мыңнан астам «АвтоВАЗ» өнімі әкелінген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Аталған кәсіпорнының өнімдері әлемнің 34 еліне экспортталады. Олардың басым бөлігі дамушы елдердің (ТМД, Латын Америкасы, Таяу Шығыс) нарығында сатылады. Алайда экологиялық талаптарға сәйкес, «АвтоВАЗ» көліктері Еуропа нарығында сұранысқа ие емес.


Дегенмен «АвтоВАЗ» компаниясының былтырғы экспорт көлемі біраз ұлғайған. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 57 пайызға артық. Сатып алушы елдер тізімінде Қазақстан бірінші орында тұр – 13 192 автокөлік. Екінші орында 10 464 көлік сатып алған Беларусь орналасса, үздік үштікті Өзбекстан (2 649 көлік) түйіндеді.


Сыртқы нарыққа сатылған Lada көліктерінің ішінде Vesta моделі көп сұранысқа ие екен. Ал Қазақстанда Granta алғандардың үлесі басым.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу