KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
476.27 515.47 5.41

Өзімізде тігілетін мектеп формасының бағасы 5 мыңнан 18 мың теңге аралығында

16.08.2017, 10:10 117

Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкийдің айтуынша, облыстағы 658 мектептің 180 мыңға жуық оқушысын мектеп формасымен қамтамасыз ету үшін шығысқазақстандықтар 2 млрд. теңгедей қаржы жұмсайтын көрінеді.


Мектеп формасының шамамен 90 пайызы жақын шетелден тасымалданады екен. Тек 10 пайызы ғана өзіміздің өңірде тігілетін көрінеді. Игорь Шацкий отандық өндірушілердің мектеп киімі нарығына тек былтырдан бастап қана ене бастағанын айтады. Бұған еліміздің білім және ғылым министрінің міндетті мектеп формасын енгізу туралы жарлығы себеп болыпты. Әрине, отандық өндірушілердің бұл нарықтағы үлесі әзірге мардымсыз. Атамекен» палатасының деректері бойынша өткен жылы отандық өндірушілердің мектеп формасы нарығындағы үлесі небәрі 7 пайызды құрапты. Бірақ біздің өндірушілердің өндірген киімдері шетелдік өндірушілердің киімінен бірде кем емес.


2017-2018 оқу жылында өңірімізде бірыңғай мектеп формасын енгізген мектептердің саны 395, яғни 60 пайыз. Олай болса осынша мектептің оқушылары үшін бірыңғай мектеп формасын сырттан тасу қай жағынан алып қарасақ та тиімсіз. Мұны қаншама қаржыны желге шашу десек те артық болмас. Сондықтан да мектеп формасы нарығындағы отандық өндірушілерді қолдау маңызды. Игорь Шацкий біздің облыста оқушылардың мектеп формасын тігумен 30-дан астам өндірушілер айналысатынын айтады.


- Жергілікті тауар өндірушілердің өнімін таңдай отырып, біз отандық өнімді қолдаймыз. Жергілікті бюджеттің бүйірін томпайтамыз. Сонымен қатар, өндірілген өнімнің сапасын бақылауға, мектеп формасына қатысты белгілі бір талаптарды қоюға, тіпті кемшілігін айтып, сынауға мүмкіндік аламыз, - дейді ол.


Таяуда Өскеменде өткен мектеп формасына арналған көрмеде 14 өндіруші өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. Әрбір компания оқушыларға арналған 20-дан астам тауар түрін әзірлеген екен. Оқушының мектеп формасы жиынтығының бағасы 5 мыңнан 18 мың теңге аралығында.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив