KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 2 м/с, СШ
478.96 533.03 5.22

Қарияны мас күйінде қағып өлтірген жүргізуші төрт жылға сотталды

3.08.2017, 04:43 206

Семей қалалық соты жуырда жаяу жүргіншілер өтетін жолмен өтіп бара жатқан 70 жастағы қарияны өз көлігімен қағып өлтірген жүргізушіні төрт жылға бас бостандығынан айырды.


Естеріңізде болса, 2017 жылдың 17 сәуірінде Семей қаласының тұрғыны мас күйінде көлік басқарып келе жатып, қарт әйелді қағып кеткен болатын. 70 жастағы қала тұрғыны алған жарақаттардан қайтыс болған. Тергеу барысында көлік жүргізушінің мас екені және бағдаршамның тыйым салынған түсіне қарамай, жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткені анықталды.


Қылмыстық іс №2 Семей қалалық сотында қаралды. Ер адам сол күні мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасағанын мойындады. Қайтыс болған әйелдің туыстарына залал өтелмеген.


Жасалған қылмыстың ауырлығын ескерген мемлекеттік айыптаушы оны төрт жылға бас бостандығынан және осынша мерзімге көлік басқару құқығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.


Сот прокурормен келісіп, құқық бұзушыны 4 жылға бас бостандығынан айырумен, жазасын қауіпсіздігі барынша төмен режимдегі түзеу мекемесінде (бұрынғы колония-қоныста) өтеуге соттады. Сондай-ақ, ер адам қайтыс болған зейнеткердің туыстарына үш миллион теңге өтейтін болады.


Ақпарат ретінде айтар болсақ, өткен алты айда облыста осы тектес 17 іс қаралып (жүргізушілердің кінәсінен адамдар өліміне әкеліп соққан жол-көлік оқиғалары), айыптау үкімдері шығарылған.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив