KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 2,1 м/с, ОШ
486.44 534.31 5.06

Баласы жоғалып кеткен зейнеткерге уақытша баспана берілді

26.07.2017, 03:47 133

Осыдан бір жыл бұрын даун синдромымен ауыратын жеткіншек баласы жоғалып кеткен өскемендік зейнеткер Зәмзәгүл Құсайынова мен қызы баспаналы болды. Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев қабылдауына келген ананың мұң-мұқтажын тыңдап, зейнеткерге қолұшын берді.


Ұлы із-түссіз жоғалып кеткеннен кейін зағип ананың денсаулығы нашарлап, инсульт алып, операция да жасатқан. Оның үстіне студент қызы екеуінде баспана да жоқ еді. Жуықта қала әкімінің қабылдауына келген ана ең алдымен ғайыптан жоғалған баласының жағдайын айтып, барлық күш-жігерін соны іздеуге жұмсап отырғанын айтады. Тек сөз арасында басында үйі де жоқ екенін, далада қалғанын айтып қалады.


Өскемендік ананың қиын тағдырына алаңдаған қала әкімі Зәмзәгүл Құсайынованың отбасына уақытша баспананың кілтін тапсырды. Уақытша пәтердің өзі хан сарайындай кең, әкімдіктің есебінен жөндеу жүргізіліпті. Терезелері сырланған, қабырғасына тұсқағаз жапсырылып, еденге жаңа линолеум төселді. Сонымен қатар жиһаз бен тұрмыстық техника сатып алынып, баспана жаңа қожайындарына қолайлы етіп жабдықталды. Зәмзәгүл Құсайынова қызымен пәтерінің кезегі келгенше осы жерде тұратын болды. Ананың ендігі бас арманы – жоғалып кеткен баласын тауып, жаңа пәтеріне алып келсе болғаны.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив