KZ
Өскемен
+12°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
441.79 478.77 4.9

Жаңа Бұқтырма кенті шипажай-курорттық ерекше мәртебеге ие болады

13.07.2017, 11:55 127

Зырянда туризмді дамыту жолында ілкімді істер атқарылуда. Ауданда бес рекреациялық аймақ бойынша туризм саласының бойына қан жүгіртуге бағытталған бірыңғай жоспар әзірленген.


Аудандық туризм бөлімінің басшысы Вячеслав Князевтің айтуынша, өңірдегі туристік инфрақұрылымды жақсарту және жаңа саяхат маршруттарын ашу бағытында біраз шаруа қолға алынған. Атап айтқанда, инвесторларға туристік базалар салуға қолайлы болатын 49 жер телімі беріліп отыр. Алдағы уақытта олардың қатары молая түспек.


– Қазір Бұқтырма рекреациялық аймағын дамытудың бас жоспарын әзірлеудеміз. Бұл аймақтың ішіне Жаңа Бұқтырма кенті де кіреді. Аталмыш іс-шаралар аяқталғаннан кейін оның аумағы кварталдар мен көшелерге бөлініп, әр үйдің өз мекенжайы болады. Рекреациялық аймақтың өзі шипажайлық-курорттық кент мәртебесіне ие болмақ. Яғни, болашақта инфрақұрылымдық және коммуналдық жобаларға инвестиция тарту мүмкіндігін иеленбек, – дейді Вячеслав Князев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив