KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 2 м/с, ОБ
478.96 533.03 5.22

Донорға қандай талаптар қойылады?

4.07.2017, 03:25 307

– Жуырда досымның әкесі қатты науқастанып, қан қажет болды. Қан тапсыруға барғанымда дәрігер қысымыңыз тым төмен деп қанымды алудан бас тартты. Осы қаншалықты дұрыс? Жалпы, донорларға қандай талап қойылған заң аясында?


Мират Қасенов,

Шемонайха ауданы


Бұл сұраққа Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының маманы Ирина Сытенко жауап береді:


– Донор – науқасқа – денсаулық, өлім аузындағы адамға – өмір сыйлайтын адам. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 165-ші бабына сәйкес 18 жастан асқан дені сау, медициналық тексерістен өткен және қарама-қарсылықтар жоқ кез келген адам донор бола алады.

Бұдан басқа, мыналарды білген жөн:

• донор 50 кг-нан кем болмауы тиіс.

• қан берер алдында өлшенген дене температурасы 37°С жоғары болмауы тиіс;

• рұқсат етілетін систоликалық қысым – 90-нан 160 сын.бағ. мм, диастоликалық – 60-тан 100-ге дейінгі сын.бағ.;

• жүрек қағысының рұқсат етілетін жиілігі – тамыр соғысының жиілігі минутына 50-100 соғыс.

Қан тапсырар алдында донор міндетті медициналық тексерістен өтеді. Егер, адам осы талаптарға сай келмесе, дәрігердің қан алмауы бұл ретте орынды.

Донорлық қызметті жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы туралы анықтамалар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында беріледі.

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске сәйкес медициналық тексеріс және қан тапсыру күндері донор орташа еңбекақының сақталуымен жұмыстан босатылады. Егер донор жұмыс берушімен келіскеннен кейін қалауы бойынша жұмысқа кіріссе, басқа күн беріледі немесе бұл күн қалауы бойынша жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкін.

Егер донор әскери қызметкер болып табылса, қан тапсырған күндері жасақтардан, вахталардан және қызметтің басқа нысандарын атқарудан босатылады, ал студенттер оқудан босатылады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив