KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 2 м/с, З
491.71 529.97 5.05

Қан тапсырудан асқан қамқорлық жоқ

28.08.2012, 18:00 158


Өскемендегі ұлттық баспасөз орталығында Денсаулық сақтау министрлігінің «Өмірге үміт сыйла» акциясына орай баспасөз мәслихаты болып өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оған облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Т.Ермолаева, облыстық қан орталығы директорының орынбасары С.Шмурыгина, осы орталықтың донорлықты насихаттау жөніндегі маманы М.Мұстафина, дәрігер-трансфузиолог С.Күлиманова және «Нұр Отан» партиясынан М.Екібасова қатысып, журналистерге көтеріліп отырған мәселенің мәнділігі, донор болудың қажеттілігі туралы әңгімелеп берді және олардың сұрақтарына жауап қайтарды.

– Қан донорлығы көп күш пен уақытты талап етпейтінін әркім де білуге тиіс. Жалпы қарапайым есеп бойынша Қазақстанда 750 мың донор болуға тиіс. Ал қазіргі таңда ол бар-жоғы 200 мыңнан ғана асады. Яғни, жағдай дабыл қағарлық. Елімізде қосалқы қан қажеттілігі айтарлықтай аз. Сондықтан да облыстық қан орталығында «Өмірге үміт сыйла» атты акция өткізілмекші, – дейді Татьяна Ермолаева. – Өзгенің тағдырына немқұрайды қарамайтын әрбір шығысқазақстандық ол акциядан сырт қалмайды деп сенеміз.

Баспасөз мәслихатында деректі де дәйекті сөз саптаған Светлана Шмурыгина күніне жүздеген адам азапқа тап болып, қосымша қан құю қызметіне тәуелді болатынын, мәселен, облыстық аурухананың кардиология бөлімшесіндегі ота жасалған адамдарға, «Ана мен бала» орталығына және түрлі онкологиялық аурулармен ауыратындарға, лейкозға ұшырағандарға күн сайын міндетті түрде қан құю қажеттігін айтып өтті.

– Біздің мақсат – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы рахымы мен мейірімі мол адамдарды түрлі апаттар, өрттер мен басқа да жағдайлар салдарынан бейнетке тап болған жандарға өзінің 450 грамм (бір жолғы тапсырылатын) қанын беру арқылы ажалдан арашалап қалуға шақыру. Донорларға бір мың теңгеден ақша берілетінін де айтқым келеді. Ал қан тапсыратындардың жасы 18 бен 55-тің арасында болуы керек, – дейді Миргүл Мұстафина.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив