KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 4 м/с, ОБ
441.66 475.14 4.86

Қазақстанда зейнетақы мен бала туғанда берілетін жәрдемақы көтерілді

3.07.2017, 04:07 180

Қазақстанда 1 шілдеден бастап зейнетақы мен бала туғанда берілетін жәрдемақы көлемі көтерілді.


Бұл Президент 20 маусымда қол қойған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңда қарастырылған.


Құжатқа сәйкес, 1 шілдеден бастап жасына және еңбек өтілі бойынша берілетін зейнетақы көлемі, мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері ұлғайтылған.


Осылайша, 1 шілдеден бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері 11 пайызға, 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері 9 пайызға өскенін ескерсек,бүгінгі көрсеткіш 2016 жылдың 1 шілдесіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 20%-ға көбейген. Базалық зейнетақы да 1 шілдеден бастап 13 %, қаңтарда 7 пайызға өскенін ескерсек, 2016 жылмен салыстырғанда 20% өскен.


Енді 2017 жылдың 1 шілдеснен бастап, ең төменгі зейнетақы (ынтымақты + базалық) 40 950 таңгеден (2017 жылдың 1 қаңтарында) 45 711 теңгеге, орташа зейнетақы 60 167 теңгеден (2017 жылдың 1 қаңтарында ) 66 721 теңгеге дейін өсті.


Бұл арттыру еліміздегі барлық 2 миллионнан астам зейнеткерді қамтитын болады.


Бұдан бөлек, заң бала тууына байланысты берілетін біржолғы жәрдемақы мөлшерін 20 пайызға арттыруды көздейді.


interfax.kz

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив