KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 3 м/с, В
443.44 480.51 4.88

Келер жылы зейнетақы қанша пайызға өседі?

30.09.2018, 07:54 229

2019 жылдан бастап ынтымақты зейнетақы артады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова мәлім етті.


Министрдің айтуынша, 2018 жылы зейнетақы индексациясы 9%-бен жүргізілген. Ал келер жылдың қаңтар айынан бастап инфляция деңгейіне тағы 2% қосылып, индексация жасалады екен.


Сондай-ақ, министрдің сөзіне сүйенсек, Қазақстанда зейнетақы ТМД елдеріне қарағанда едәуір жоғары көрінеді. Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері 101 мың теңгені құрайды.


-Осы жылдың 1 шілдесінен базалық зейнетақының жаңа үлгісі енгізілді. Оған сәйкес, базалық зейнетақы 67%-ға өсті, - дейді министр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив