KZ
Өскемен
+1°
туман Штиль
479.71 533.77 5.16

Зырянның ирегін айналып өтетін жаңа жол құрылысы шілдеде басталады

23.06.2017, 04:19 301

ШҚО-да үстіміздегі жылы Осинов асуын айналып өтетін жаңа жолдын құрылысы жоспарланған. Рахман қайнарына, Зырян қаласына және осы бағыттағы барлық тұрғылықты жерлерге апаратын жаңа жол осы уақытқа дейін қауіпті жол бөлігі болып саналып келген Осинов асуын айналып өтпек.


Бұл жайлы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде өткен кезекті отырыс барысында «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ ШҚОФ директоры Нурланбек Өмірбаев мәлімдеді.


– Қазірде жердің құнарлы бөлігі алынып, жол құрылысына дайындық жұмыстары басталып кетті. Толыққанды құрылыс жұмыстары шілде айында басталмақ. Сонымен қатар, 2017 жылы үш жылға жоспарланған Алматы-Өскемен, Омбы – Майқапшағай тас жолдарында күрделі жөндеу жұмыстары өткізіледі, – деді Нұрланбек Өмірбаев.


Аймақта бүгінгі күні республикалық маңызы бар жолдар да жөндеуден өтіп қана қоймай, қосымша жабдықтар да орнатылмақ. Атап айтсақ, жолдың қауіпті бөлігінде жүргізушінің назарын аулау үшін дыбыс жолақтарын және жарық диодты жол белгілерін орнату жаспарланған.


Өз кезегінде облыс әкімі Даниал Ахметов жалпы жұмыс барысына оң бағасын бере отырып, жөндеу жұмыстары барысындағы проблемаларды да назардан тыс қалдырмауды тапсырды.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив