KZ
Өскемен
+13°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Колорадо қоңыздарынан қалай құтылуға болады?

13.06.2017, 18:00 197


Ұзындығы 9 – 12 мм, сопақтау келген, қанатының үсті қызғылт сары, он қара жолақты сызықтары бар зиянкес. Қоңыздары мен дернәсілдері картоп, баклажан, қызанақ, бұрыштардың жапырақтарын зақымдайды. Олар қорек іздегенде ұша бастайды. Жұмыртқаларын жапырақ астына салады. Картоптың қауіпті жауы, өнім түсімділігін төмендетеді.

Күресу шаралары: ішкі және сыртқы карантинді сақтау, терең деңгейдегі агротехника, картоп отырғызатын жерлерді дернәсілдер пайда бола бастағанда және жас қоңыздар шыға бастағанда химиялық препараттармен өңдеу.

Картоптың аз зақымданатын сұрыптарын пайдаланған жөн. Тыңайтқыштар еңгізу, топырақты уақытылы қопсыту, картопты түптеу және арамшөптерді отау қажет. Қатарлар арасына сөлді өсімдіктер егіп, пайдалы этномофагтарға қолайлы жағдайлар туғызу. Кішірек алқаптарда қоңыздарды қолмен жинап, жоюға болады.

Тағы бір әдісі: банкіге ересек қоңыздарды жинап алу керек. Енді 20 л ыдысқа осы теріп алған зиянкестерді салып үстіне су құямыз да қақпағын жауып тастаймыз. Қоңыздар өлсе де су бетінде біраз қалқып жүріп ақырында су түбіне шөгеді. Барлық қоңыздар түбіне шөккеннен соң бір апта күтіңіз. Бір аптадан соң қоңызға қарсы «у» даяр болады. Бірақ бұл пропорциядағы «у» тым күшті. Су қоспай қолдансаңыз картопты күйдіріп аласыз. Сондықтан 3 жарты литрлік банкіге біраз «у» құйып әр ыдысқа әртүрлі пропорцияда су қосыңыз. Біріншісін (1:1), екішісін (1:2), үшіншісін (1:3). Тәжірибелік түрде сіздегі картоптың сұрыбына қай пропорцияның дұрыстығын анықтауға болады. Енді жасалған сұйықтықты бүркекпен себелеп шықсаңыз болды. Бұдан кейін қоңыздың личинкалары енді қайтып өсімдікке жоламайды. Түйежапырақ сығындысы да зиянкеспен күресуде кеңінен қолданылып жүр.

Әзірлеген - Айжанат Бақытқызы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив