KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

«Мен қазақпын» республикалық байқауына шығыстан үш адам өтті

8.06.2017, 18:00 124


Өскемендегі Металлургтердің Мәдениет сарайында дәстүрлі ұлттық өнерді насихаттауға арналған «Мен қазақпын» атты республикалық байқаудың облыстық іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті.

Ақпарат министрлігі мен «Қазақстан» арнасы қолға алып отырған телевизиялық мега-жобаның облыстық іріктеу кезеңіне өңіріміздің түкпір түкпірінен 36 өнерпаз қатысып, олардың 20-сы дәстүрлі ән, 11-і күй, 5-еуі терме өнері бойынша бақтарын сынады.

Екі-үш сағатқа созылған байқаудың нәтижесінде үржарлық Гүлмира Темірбекова дәстүрлі ән, семейлік Қуаныш Оралбаев терме, өскемендік Естай Матабаев күй өнері бойынша үздік деп танылды. Енді олар байқаудың республикалық кезеңінде бақтарын сынайтын болады.

Мейрамтай Иманғали

Сурет: Есімхан Орынбаев




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив