KZ
Өскемен
-11°
переменная облачность жел 1 м/с, С
529.7 545.96 5.17

Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинация жүріп жатыр

pexels.com

29.09.2024, 11:00 1 142 Назерке Каримова

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап халықты тұмауға қарсы вакцинациялау басталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратына сүйенсек, тұмауға қарсы вакцинациялауға Ресейде өндірілген «ГРИППОЛ +» вакцинасының 2 207 752 дозасы сатып алынды.

– Тұмау – басқа жіті респираторлық вирустық инфекциялардан күрделі өтеді және асқынып кету себептерімен ерекшеленеді. Алдын алудың ең тиімді әдісі - вакцинация. Вакцинаны тегін негізде медицина қызметкерлері, диспансерлік есепте тұрған тәуекел тобына жататын адамдар, қарттар үйлері мен балалар үйлерінің контингенті ала алады, – деп ескертеді министрлік.


Республикада тұмауға қарсы 26 мыңнан астам адам егілді, вакцинация жалғасуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу