KZ
Өскемен
-5°
небольшой снег жел 1 м/с, С
523.54 546.47 4.99

Еңбегі ерлердікінен кем емес

29.09.2024, 18:00 2 162 Назерке Каримова

Жолаушылардың діттеген жеріне еш қиындықсыз жетуі үшін барын салып, автобустардың қозғалысы кестеден ауытқымауын бақылайтын - диспетчер, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Автобус шықпай қалған жағдайда әр жолаушының жағдайын жайғастыратын, жол ортасында көлікпен болған барлық проблемаларды шешіп, жөндеу жұмыстарының жеделдігін ұйымдастырып отыратын да сол.

Өскемен қаласындағы "Адал" бекеті ел бойынша ғана емес, көршілес елдерге де жолаушылар тасымалдайды. Әлия Несіпбаева осы автобекетте 20 жыл бойы диспетчер болып жұмыс істеп келеді. Оның жұмысы - автобус қозғалысын үйлестіру, кесте құру, жүргізушілермен, жолаушылармен және автовокзал қызметкерлерімен үнемі байланыста болудан тұрады. Жүргізуші, кондуктор, бақылаушы халықпен тікелей жұмыс істесе, диспетчер солардың барлығының қызметін үйлестіріп отыратын түйіні.

- Мен 20 жыл бойы «Адал» автобекетінің диспетчері болып қызмет етіп келемін. Осы жылдар көлемінде көптеген адамдармен жұмыс істедік. Жолаушылардың сапарларын жеңілдету үшін талмай еңбек еттік. Еңбегімнің осылай бағаланып жатқаны мені үшін үлкен мәртебе, - деді марапат иесі Әлия Несіпбаева. 


Екі онжылдық Әлия Ерсұлтанқызы үшін жауапкершілікке толы болды. Оның күш-жігері мен ұқыптылығының арқасында көптеген адамдар күнделікті баратын жерлеріне қауіпсіз және ыңғайлы түрде жетуде. Көзге түсе бермейтін көлеңкедегі жұмыс көрінгенімен қоғамдық көлік қызметін ұйымдастырудың кіндігі іспеттес Әлия Несіпбаеваның еңбегі үлкен құрметке әбден лайық. Оны марапаттаған жеркілікті атқарушы билік өкілдері де осы тұжырымда.


Ақерке Рағызбаева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу