Өңірдегі өндіріс еңбек адамдарымен өркендеуде
![](/kz/uploads/posts/2024-09/img-20240929-wa0036.webp)
Өскемен - Қазақстанның ірі өнеркәсіптік және металлургиялық орталығы. Қалада қорғасын, мырыш, мыс және т.б. түсті металдарды өңдейтін және өндіретін темір зауыттары бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өскемендегі ең ірі өндірістік кешендердің бірі - "Казцинк" ЖШС. Мұнда Қазақстанда және шетелерде де сұранысқа ие металдарды өңдеумен және өндірумен айналысатын білікті мамандар өте көп. "Казцинк" ЖШС жұмысының негізгі бөлігі қарапайым еңбек адамдарының арқасында іске асып отыр.
Жеңіс Досанов - "Казцинк" ЖШС Өскемен металлургия кешені қорғасын зауыты цехының балқытушысы. Ол кәсіпорынның өндірістік процестеріне айтарлықтай үлес қосқан, 24 жылдық тәжірибесі бар білікті мамандардың бірі. Ол қорғасынды балқыту және өңдеумен айналысып, технология мен сапа стандарттарының сақталуын қадағалайды, бұл металды тиімді өндіру үшін маңызды.
Еңбек күні мерекесі қарсаңында Жеңіс Досанов өндіріс саласына қосқан елеулі еңбегі үшін облыс әкімінің Құрмет грамотасына ие болды. Оны құттықтап, құрметпен табыс еткен ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов.
Балқытушының жұмысы физикалық төзімділікті ғана емес, сонымен қатар жоғары біліктілікті қажет етеді. Өйткені қорғасынмен және басқа ауыр металдармен жұмыс бірқатар кәсіби тәуекелдермен байланысты. Жеңіс Досанов сияқты қызметкерлердің кәсібилігінің арқасында Өскемен металлургия кешені Қазақстандағы маңызды өндірістік объект болып және өңір экономикасының дамуына елеулі үлес қосуда.