KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями Штиль
450.79 482.21 5.05

Өскемендегі Азия чемпионатына ең бірінші болып Иран командасы келді

22.05.2017, 18:00 110



Бірер күннен кейін Өскеменде жалауын көтеретін волейболдан қыздар командалары арасындағы клубтық Азия чемпионатына шетелдік командалардан бірінші болып ирандық «Сармайе Банк» ойыншылары келді.

Облыс орталығына аяқ басқан қонақтарды әуежайдан «Алтай» волейбол клубының басшылығы мен Қазақстан волейбол федерациясының өкілдері, сонымен қатар, студент жастар қарсы алды.

Естеріңізге салайық, ирандық ұжым А тобында «Супреме» (Тайланд), «Тайвань Пауэр» (қытайлық Тайбэй) және біздің «Алтаймен» бірге өнер көрсететін болады.

Нұржан Кенжеұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив