KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 7 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Өскеменде «MinTech-2017» халықаралық тау-кен өнеркәсібі жабдықтарының көрмесі өтіп жатыр

16.05.2017, 18:00 163



Өскеменде «MinTech-2017» 21-ші халықаралық тау-кен өндіру, металлургия және көмір өнеркәсібінің жабдықтары мен технологиялары көрмесі ашылды.

Спорт сарайында өтіп жатқан көрмеге Германия, Швеция, Швейцария, Қытай, Чехия, Украина, Белоруссия, Ресей және Қазақстанның осы саладағы жетекші өндірушілері-60 тан астам компания қатысуда.
Өскеменде  «MinTech-2017»  халықаралық тау-кен  өнеркәсібі жабдықтарының көрмесі өтіп жатыр
-«MinTech» халықаралық көрмесінің Шығыс Қазақстанда өткізіліп отыруы кездейсоқтық емес. Көрме кешені алғаш құрылған 2003-жылы өз жұмысын Өскеменнен бастаған болатын. Қазақстандағы ғана емес, өнеркәсібі жоғары дамыған, түсті металлургиясы мен тау-кен өндірісі қарқынды өркендеп келе жатқан шығыстағы отандық кәсіпорындардың бұл іс-шарада өзге елдердің озық технологиясымен, жаңа жетістіктерімен танысуына, олардың шетелдік ірі индустриалды компаниялармен тікелей байланыс орнатуына таптырмас мүмкіндік береді,-деді көрменің ашылу салтанатында « ҚАЗЭКСПО» ХКК президенті Мариям Молдағалиева.
Өскеменде  «MinTech-2017»  халықаралық тау-кен  өнеркәсібі жабдықтарының көрмесі өтіп жатыр
Спорт сарайының кең ғимаратына қойылған шетелдік және отандық жетекші кәсіпорындар өнімдері мен олардың шығарып отырған құрал-жабдықтары туралы айшықты ақпараттық стендтер, баннерлердің аса көптігі биылғы көрменің ауқымы кеңейгендігін бірден аңғартты. Жылдан -жылға танымалдылығы арта түскен шараға өзге елдер мен өңірлерден бөлек, біздің облыстан да бірнеше шағын кәсіпорын алғаш рет қатысып, әйгілілердің қатарынан көрінді.
Өскеменде  «MinTech-2017»  халықаралық тау-кен  өнеркәсібі жабдықтарының көрмесі өтіп жатыр

Жанаргүл Мұқатайқызы

Суреттер: Есімхан Орынбаев




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив