KZ
Өскемен
+26°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОБ
450.79 482.21 5.05

Берел жазығындағы №2 және №19 қорғандар қазылады, қос қорымнан қандай жәдігерлер табылатыны әзірге белгісіз.

6.06.2016, 18:00 174



Жоба жетекшісі Зейнолла Самашевтің айтуынша, бүгінгі қазақ тарихындағы Берел қорымының рөлі А.Яссауи кесенесімен шендес. Ұлттық музейге соңғы рет келгенінде Елбасының Берелден табылған жаңа жәдігерлерді 15 минут бойы тамашалауы – соның дәлелі болса керек.

Биыл Берел жазығындағы №2 және №19 қорғандар зерттеуден өтеді. Ал бұған дейін аршылып, толық зерттеуден өткен №11 қорған аспан астындағы мұражайға айналады.

Академик В.Радлов бастап зерттеген Берел жазығының аумағында 600-ден астам қорған бар. Солардың ішінде биыл зерттелетін қос қорғаннан қандай жәдігерлер табылатыны әзірге белгісіз.

З.Самашев мұндағы зерттеулерге Жапония, Қытай, Қырғызстан, Ресей ғалымдарын тартып отыр. Сонымен қатар, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дан 25, Шәкерім атындағы Семей университетінен 11 студент жұмылдырылады.

Жапондық палеогенетиктер қорғаннан табылған сүйектерді генетикалық тұрғыдан зерттесе, ресейліктер дендрохронологиялық құрылғылар арқылы қорғандардың нақты жасын, яғни, көмілген кезеңін анықтауға көмектесетін болады. Осының арқасында бұл қорғандардың ғұн, сақ, қимақ сынды прототүріктік дәуірлердің қайсына жататыны нақтыланады.

Есімжан Нақтыбайұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив