KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 0,9 м/с, В
479.71 533.77 5.16

37 тауарлы-сүт фермасы Шығыс Қазақстанда салынады

31.03.2016, 18:00 279



Шығыс Қазақстан облысында 2015 жылы 13 тауарлы-сүт фермасы салынып, жөндеуден өтті. Ағымдағы жылдың соңына дейін 18 тауарлы-сүт фермасының құрылысы мен оларға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, 28 сүт қабылдау пунктін ашу жұмыстары да жалғасатын болады, деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Тауарлы-сүт фермаларын салу, жөндеуден өткізу және сүт қабылдау пункттерін ашу аймақтық бағдарламасының жүзеге асырылу барысы Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтің төрағалығымен өткен кеңесте қаралды.

Жасалған жобаға және облыстың ауылшаруашылық өнімін өндіру мүмкіндіктеріне сәйкес 12,2 мың бас сиырға арналған 37 тауарлы-сүт фермасын салу және 36 сүт қабылдау пунктін ашу көзделген.

Өткен жылы 2 ферма салынып, 11-і жөндеуден өткен. 2017 жылы аталмыш фермалардың санын 37-ге жеткізу жоспарланып отыр.

ШҚО әкімі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қонысбай Төлеубековке қала және аудан әкімдерімен бірлесіп, тауарлы-сүт фермаларының құрылысын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив