KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
443.72 482.28 4.9

Қысқы президенттік көпсайыстан сынға түсті

18.01.2015, 18:00 244



ШҚО Қалбатау ауылында IX аудандық спартакиада шеңберінде Жарманың бюджеттік ұйымдар қызметкерлері арасында қысқы президенттік көпсайыстан жарыс өтті.

Жарма аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ильдар Сләмұлының айтуынша, Елбасының биылғы Жолдауында Қазақстан халқын салауатты өмір салтын ұстануға шақыруға, әсіресе, болашақта ел тұтқасын ұстар жастардың денсаулығын нығайтуға ерекше көңіл бөлінген.

- «Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаған. Осы өлшенім - біздің басты ұстанымыз, сондықтан ауданның бюджеттік ұйымдар қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын басты орынға қоюды мақсат тұтып келеміз. Бүгінгі IX аудандық спартакиада шеңберіндегі қысқы президенттік көпсайыс соның нақты мысалы деуге болады, - дейді И.Сләмұлы.

Биылғы президенттік көпсайысқа алты команда қатысып, өзара бақ сынасқанын айту керек. Аса тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі жеңіп алса, екінші орынға білім бөлімі тұрақтады. Үздік үштікті кәсіпкерлік бөлімінің құрама командасы қорытындылады. Спартакиаданың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі сыйлықтарымен және мадақтама қағаздарымен марапатталды.

Серік Әбілқасымұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив