KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Бердібек Сапарбаев Қазақстанның вице-премьері болып тағайындалды

10.11.2014, 18:00 306



Бердібек Сапарбаев Қазақстан Руспубликасының вице-премьері болып тағайындалды. Шығыс Қазақстан облысын 6 жыл басқарған ол, ҚР Президенті Жарлығымен Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Сапарбаев Бердiбек Мәшбекұлы 1953 жылдың 9-ақпанында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтының жоспарлау экономикалық факультетін бітірген. Экономика ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын 1969 жылы «Задария» кеңшарында жұмысшы-дан бастады, 1971 жылдан 1973 жылға дейін әскери борышын өтеді, 1977 жылдан 1988 жылға дейін Қазақ КСР Қаржы министрлігінде еңбек етті. Алғашында экономист, одан соң аға экономист, жетекші, бас экономист, бөлім бастығының орынбасары болды.

1988 жылдан 1994 жылға дейін - Халыққа білім беру ми-нистрлігі жоспарлау-қаржы басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Білім министрінің орынбасары, бір жылдай Президент және Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті Аппа-ратының бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

1994 жылдан 1995 жылға дейін Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің Істер басқармасы қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, кейін бөлім меңгерушісі.

1995 жылдың наурыз айынан қыркүйек айына дейін - Қазақ-стан Республикасы Министрлер кабинеті Аппаратының жетекшісі.

1995 жылдың қыркүйек айында Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалады.

1999 жылдың шілдесінен 2002 жылдың тамызына дейін - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.

2002 жылдан - Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы болып ауысады, кейін Қаржы вице-министрі - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы.

2006 жылдан 2007 жылға дейін Премьер-Министр кеңсесі жетекшісінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Үкіметтің өкілі.

2007 жылдың ақпанынан тамызына дейін - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.

2007 жылдың тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалады.

2009 жылдың 4-наурызынан 2014 жылдың 11-қарашасына дейін - Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

2014 жылдың қарашасынан Премьер-Министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:

«Парасат» ордені (2007), «Құрмет» ордені (1999), «Астана» медалі (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне - 10 жыл» медалі (2001), «Қазақстан Конституциясына - 10 жыл» медалі (2005), «Астанаға - 10 жыл» медалі (2008), 1-ші дәрежелі «Барыс» ордені (2012).

Төмендегі кітаптардың авторы:

«Аймақтың өтпелі кезеңдегі экономикасы» (1995), «Арнаулы экономикалық аймақтар. Құру тәжірибесі» (1996), «Региономика» (2013).

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив