«Невада-Семей» қозғалысының құрылғанына 25 жыл толуына орай «Россия» телеарнасының журналистері Семей мен Курчатов қалаларында арнайы фильм түсіріп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Осыған орай Семейге келген түсірілім тобы қалада басталған шахматтан Шығыс Қазақстан облыстық турнирге де қатысты. Аталған турнирдің салтанатты ашылуында «Невада-Семей» қозғалысының вице-президенті Сұлтан Картоев сөз алып, шахмат ойынының маңыздылығына тоқтала келе, жарыстың қозғалыстың 25 жыл толуына орай ұйымдастырылғанын да атап өтті. Ол сондай-ақ, «Семей - менің үйім» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Д.Бұқаевқа қозғалыстың мерекелік төсбелгісін табыстады.
Шығыс Қазақстан облыстық турнирге Астана, Өскемен, Семей қалаларынан және Бородулиха мен Бесқарағай аудандарынан жиыны отыздан астам шахматшы қатысты. Сайыста ойыншылардың жас ерекшеліктеріне ешқандай шек қойылған жоқ. Сондықтан да болар, сайысқа 7 жастан бастап 85 жасқа келген қариялар қатысып, бақтарын сынады.
- Бізді «Невада-Семей» қозғалысы мүшелерінің қандай жобаларды қолға алып отырғаны қызықтырады, - дейді «Россия» телеарнасының тілшісі Михаил Иванов.
Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz