KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 4 м/с, С
479.71 533.77 5.16

Ардагер шахматшылардың турнирі

14.05.2013, 18:00 168


Семей қаласындағы № 2 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде шахматтан турнир ұйымдастырылды. Сайысқа 60 жастан асқан шахматшылар шақырылды , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Шараның ұйымдастырушылары – «Невада – Семей» ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалысы мен қалалық шахмат федерациясы.

Аталмыш турнир FIDE халықаралық ережелері бойынша өткізілді. Бірінші орынды білім беру жүйесінің ардагері Михаил Лукин жеңіп алды.

Екінші орынды энергетик-ардагер Владимир Степанов иеленсе, қауіпсіздік органдарының ардагері Владимир Александров үшінші орынға қол жеткізді.

Жеңімпаздар грамота және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Ұйымдастырушылардың сөзіне сүйенсек, жаз айларында Семейде шахматтан халықаралық ашық турнир өткізу жоспарланған.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив