KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 1,1 м/с, Ю
441.8 480.02 4.88

Таза былғарыны тері алмастырғыштан қалай ажыратады?

22.09.2014, 18:00 138



Сатып алушылар тері алмастырғыш пен былғарыны жиі шатастырады. Нағыз былғарыдан жасалған бұйымның бағасы әдетте қымбат болады. Сондықтан олардың арзан болуы мүмкін емес. Тері алмастырғыш синтетикалық материалдардан жасалады және сапасы нашар болады.

1. Былғарының кішкене бөлігін отқа жағып көріңіз. Таза былғары өте баяу жанады және ақырындап жиырылады. Одан үйітілгеннің иісі шығуы керек. Тері алмастырғыш бірден тұтанып, иісі өте өткір шығады.

2. Таза былғарының ішкі жағы өте мамық, жұмсақ болуы тиіс.

3. Таза былғарыны бүккен кезде бастапқы қалпына қайта түсуі қажет. Егер материалдың бүгілген жері іртік-іртік болып, іздері қалып жатса, бұл жалған былғары. Былғарыдан жасалған өнім біршама уақыттан кейін қайта жайылып орнына түседі.

4. Суды тауарға бүркіп көріңіз. Таза былғары кез келген сұйықтықты өзіне сіңіріп алады. Ылғал тиген орын даққа айналып, қарақоңыр түске енеді. Ал тері алмастырғыш суды жұқтырмай, сырғытып салады.

5. Таза былғары қолмен ұстаған кезде бірден жылу бөледі, яғни, материал міндетті түрде оған жа уап қайтарады. Тері алмастырғыш керісінше еш белгі көрсетпей, суық күйінде қала береді.

Әзірлеген - Ержан Әбіш
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив