«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының кәсіпкерлікті енді ғана қолға алған адамдарға арнап ұйымдастырған «Бизнес-кеңесші» тренингі аясында облыстық кәсіпкерлер палатасы «Шағын және орта бизнеске арналған 100 жоба» анықтамалығын таныстырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Бұл анықтамалықта жүзеге асыру тетіктері түгел көрсетілген бизнес-жобалардың тізімі қамтылған. Жобалармен бірге нақты қаржылық есептер, тауарды өндіру технологиясы, бизнеске қажетті құралдар мен техникалар сипаттамасы көрсетілген, сондай-ақ, нарықты маркетингтік талдау және кәсіпті бастау үшін қаржыландырудың мүмкін болатын барлық көздері ұсынылған.
Қазақстанның ұлттық кәсіпкерлер палатасы әзірлеген бұл баспа өнімін шығаруға Мәдениет министрлігі қаржылық қолдау жасаған.
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz