KZ
Өскемен
-8°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Еркін күрестен жасөспірімдер Қазақстан чемпионаты өтті

18.03.2014, 18:00 305



Өскемендегі Жекпе-жек сарайында еркін күрестен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты мәреге жетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жарысқа еліміздің 14 облысынан, Астана мен Алматы қалаларынан 1997-1998 жылдары туған 362 балуан қатысты. Қазақстанның еркін және әйелдер күресінен мемлекеттік жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әсет Серікбаев, облыстың денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Дөңбаев, талай өрендерді баптап, халықаралық деңгейдегі жарыстарға қосқан Юрий Куропаткин, Әмір Егінбаев, Василий Попов, Тоқан Базарханов, Төлеген Көкенов сынды облысымыздың спорт ардагерлері жарыс барысында балуандардың белдесулерін қадағалап отырды.

Қыздар арасындағы бәсеке 137 спортшының арасында өтті. Ал біздің облыстан 17 спортшы сынға түсті. 52 келі салмақ дәрежесінде Жұпар Төлеубекова қарсыластарын бет қаратпастан ұтып, бірінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, жекпе-жекте жеңісті қолдан шығармауға тырысып, кілем үстіндегі айқастарда жақсы қырынан көзге түскен Мөлдір Болатхан 38 келі салмақта екінші, 43 келі салмақта Әсем Ақажанова үшінші орынға ие болды.

Ұлдар арасындағы жарысқа Шығыс Қазақстан облысынан 36 спортшы қатысты. Солардың арасында 46 келі салмақ дәрежесінде Еркебұлан Сарқытбаев жеңімпаз атанды. 85 келі салмақ дәрежесінде 17 балуан бірінші орын үшін бәсекеге түсті. Жерлесіміз Вадим Литвинов пен қарағандылық Шамиль Мұртазов шешуші жекпе-жекте өзара кездесті. Вадим екінші орынды иеленді. 69 келі салмақ дәрежесінде Мұхтарбек Ожаров пен Алмас Жүніс, 63 келі салмақта Тілек Ерлібеков үшінші орын алды.

Әлімжан Қадылбекұлы
сурет Ғылымбек Сабитовтікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив