KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 0,9 м/с, В
479.71 533.77 5.16

Қазіргі білім беру жүйесіндегі озық технологиялар

13.03.2014, 18:00 113



Наурыз айының 12-ші жұлдызында Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті филология факультетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Филология» мамандығы бойынша оқитын студенттерге «Қазіргі білім беру жүйесіндегі озық технологиялар» деген тақырыпта дәріс оқылды. Дәрісті жүргізген қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының оқытушысы Әбікенов Мұхит Төкенұлы. Ұстаз студенттерге білім беруде озық технологияларды қолдану заман талабы екендігін түсіндіріп, жекелеген педагогикалық технологияларға арнайы тоқталып өтті. Дәріс барысында студенттер сауалдар қойып, пікір алмасты.

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасып жатқандығы белгілі. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білгі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалылық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.

Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып, оқытушылар қауымы оқыту технологиясының өзіндік нұсқасын жасады.

Оқыту технологиясының ұстаздар әзірлеген нұсқасының бір ерекшелігі - оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді: яғни, жадының алуан түрлерін (ету,көру, қимыл және т.б.), ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға; белсенді сөздік қорын (ауызша және жазба тілінде) дамытуға бағытталуы еді. Міне, бір жарым сағатқа созылған дәрістің қысқаша мазмұны да осы болатын. Студенттер болашақ педагог ретінде көп әдісті қолдана отырып сабақ жүргізіп щеберліктерін танытуға тәжірибе жинақтады.

Данагүл Байболова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив