KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
480.61 534.53 5.28

Егіншілікте ылғал үнемдейтін технологиялар енгізілмек

12.03.2014, 18:00 306



Бұл күндері ШҚО Ұлан ауданында өсімдік шаруашылығын әртараптандыру, егіншілік мәдениетін арттыру, өндіріске қазіргі заманғы ылғал үнемдейтін технологиялар енгізу бағытында кең ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Былтыр «КХ Багратион ВВ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі егіс алқабында суарудың ылғал сақтау технологиясы бойынша 20 «Фрегат» жаңбырлатқыш қондырғысын қолданды. Ал «Екімбаев Т.К.» шаруа қожалығы Канададан жеткізілген соңғы үлгідегі үш «Валлей» жаңбырлатқыш жүйесін көкөніс алқабын суаруға пайдаланды. Сондай-ақ, «Украинское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де осындай екі агрегатты қолданды. Былтыр осы шаруашылықтарда тамшылатып суару алаңы 1880 гектарды құрады. Биыл өсімдік шаруашылығында осы технология бойынша суарылатын жер көлемін ұлғайту көзделуде.

Мемлекет тарапынан аудандағы шаруа қожалықтарына демеуқаржы төлеу арқылы қолдау көрсетілуде. Мәселен, өткен жылы өсімдік шаруашылығын дамытуға 171,4 млн. теңге бөлінді.

Әлімжан Қадылбекұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив