KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 3 м/с, З
443.72 482.28 4.9

Шығыс Қазақстандағы Бородулиха ауданына өсімдік шаруашылығын қолдау мақсатында 20 млн. теңге қаржылай көмек көрсетілді

12.03.2013, 18:00 71


Бородулиха ауданындағы өсімдік шаруашылығының жалпы өнім көлемі 9 млрд. 679 млн. теңгені, нақты көлем индексі 145,5 пайызды құрады. Бұл облыс аудандары арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шаруашылықтарды жоғары сапалы және аудандастырылған тұқымдармен қамтамасыз ету үшін ауданда төрт тұқым шаруашылығы және бір элиталық тұқым шаруашылығы жұмыс істеуде. Мемлекет тарапынан өсімдік шаруашылығын қолдау мақсатында 20 млн. теңге қаржылай көмек көрсетілді.

Ауданда ауыл шаруашылығы құрылымдарын ірілендіру бағытында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 32 жай серіктестіктің құрамына 147 шаруа қожалығы қосылды. Сондай-ақ ауыл шаруашылық құрылымдары машина-трактор паркін жаңалап, жалпы жиыны 144 жаңа техника сатып алды.

Ауданның 278 мың гектар егістік алқабы игеріліп, ылғал ұстаушы технологиялар қолданысқа кеңінен енгізілді. Аудан диқандары «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына 7956 тонна астық тапсырды.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив