KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Шығыс Қазақстанда бір ғана ауылда 180 шаруашылық нысаны жұмыс істеп тұр

25.03.2013, 18:00 229


Шығыс Қазақстан облысындағы Краснояр ауылдық округінде (Глубокое ауданы) өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдейтін 16 цех жұмыс істеп тұр. Ауылдық округте жалпы алғанда 180 шаруашылық
нысаны жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Солардың ішінде «Красный яр», «Торговый дом» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері ұн тартумен айналысады. Ал «ШИХ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жарма өндірісінің технологиясын жете меңгеріп, қарақұмық, асбұршақ, арпа өнімдерін өңдеп, жармаларын дайындайды. «Асель» жауапкершілігі шек-теулі серіктестігі нан-тоқаш тағамдарын пісіреді. «Племптица» жауапкер-шілігі шектеулі серіктестігі ет және жұмыртқа өндіреді. «Ұлан Агро Бизнес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі макарон өнімдерінің қалың және жіңішке түрлерін дайындайды.

Бұған қоса жүн өңдеп, киіз басатын фабрика да өнімдерін шығарып жатыр. Сондай-ақ екі кірпіш зауыты, екі ағаш өңдейтін цех және отын дайындайтын цех жұмыс істейді.

Әлімжан Қадылбекұлы


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив