KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Театр қойылымдары сурдоаудармамен көрсетілетін болды

5.02.2014, 18:00 98



Семей драма театрында құлағы нашар еститіндер үшін қойылымдар бұдан былай сурдоаудармамен ұсынылатын болады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Кедергісіз театр» атты бұл жоба бүкіләлемдік БҰҰ-ның қолдауымен жүзеге асып отыр. Сахнаға мониторлар орнатылып, шымылдық сыртында тифлокомментатор үшін қажетті құрал-жабдықтар қойылған.

– Алдағы уақытта мәдени шаралар, концерттер мен спектакльдер сахнадағы мониторлар арқылы түрлі қимылдармен түсіндірілетін болады, – дейді БҰҰ жобасының Қазақстандағы менеджері Рауан Қалиев. Ол аталған жоба шеңберінде театрға ролл-пандустар мен мүгедектер арбасы да сатып алынғанын айтады.

Мамандар құрал-жабдықтардың қалай жұмыс істейтінін тексеру мақсатында «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» спектаклін тамашалауға есту қабілеттері төмен балаларды шақырған болатын. Балғындар сахнадағы әртістер не айтып жатқандарын алғаш рет түсініп, қойылымнан ерекше әсер алып қайтты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив