KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Өскеменде «Халық театрлары» фестивалі өтеді

8.11.2012, 18:00 266


11-13 қараша 2012 жылы Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасы және Жамбыл атындағы облыстық драма театрының ұйымдастыруымен - облыс көлеміндегі театрлардың - театралдық мәдени қарым-қатынасын кеңейту, шығармашылық байланысты нығайту, шынайы өнер бәсекесін жандандыру, тәжірибе алмасу, театр өнерін дамыту мақсатында облыста бірінші рет «Халық театрлары» фестивалі өтеді. Аталған фестивальға 8 ауданнан 10 театр ұжымы өз өтініштерімен қатысқалы отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Халық театрлары» фестивалінің өтілу кестесі төмендегідей:

11 қараша 10.00 Ашылу салтанаты

11 қараша 10.30 Жамбыл атындағы драма театры «Толғақ»

11 қараша 14.00 «Ақжар халық театры» Тарбағатай ауданы «Құдалар»

11 қараша 16.30 «Ес-аймақ» студенттер театры Семей қаласы «Әкім келеді»

12 қараша 10.00 «Керуен» театры Үржар ауданы «Ана-Жер Ана»

12 қараша 13.00 Ұлан халықтық драма театры Ұлан ауданы «Мәңгілік махаббат»

12 қараша 15.30 «Ақсуат халық театры» Тарбағатай ауданы «Әпке»

12 қараша 18.30 «Қозы Көрпеш» халық театры Аякөз қаласы «Қалталы күйеу қайдасың»

13 қараша 10.00 «Зайсан халық театры» Зайсан ауданы «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу»

13 қараша 13.00 «Нұр Алтай»театры Катон-Қарағай ауданы «Қар қызы»

13 қараша 14.30. «Поэзия» халық театры Зайсан ауданы «Махаббат заңы»

13 қараша 16.00 Жабылу салтанаты, марапаттау

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив