KZ
Өскемен
+28°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
441.66 475.14 4.86

Әскери бөлім Елбасының Жолдауын қолдайды

29.01.2014, 18:00 135



Аягөз ауданының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен 97616 әскери бөлімінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын талқылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Медет Мырзакешов, 97616 әскери бөлім командирі, подполковник Асхат Жұмасерікұлы Сайлыбаев, идеологиялық жұмыс және арнайы насихаттау жөніндегі аға офицері Есболат Жұмабаев әскерилерді Жолдаудың толық мәтінімен таныстырып, алдағы уақытта еліміздің өркендеуі үшін өзекті мәселелер ретінде мемлекет басшысының жеті бағыттан тұратын бағдарламаларын айтып, толық мағұлымат берді. Елбасының тапсырмасы бойынша «Қазақстан-2050» стратегиясын мүлтіксіз орындау әркімге де ортақ парыз, абыройлы міндет екендігін ерекше атап көрсетті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив