«Ерлік сабағы» елдікке бастар жол
Аягөздегі № 6 жалпы білім беретін орта мектеп интернаты мен «Шығыс Ұландары» сыныптарына 97616 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері «Ерлік сабақтарын» өткізді. 97616 әскери бөлімінің тәрбие және идеологиялық бөлім бастығы майор Е. Жолшыбек, дивизион командирі майор Қ.Құрманов, рота сержанты аға сержант О. Сандыбеков, радиотелеграфшы ефрейтор М. Жангелдина сабақ барысында патриоттық тәрбиенің мәнін түбегейлі айта кетті, ұландардың өздерін толғандырған, көкейлеріндегі қызықты да тартымды сұрақтарына жауап беріп, оқушылардың әскери өмірге деген қызығушылықтарын арттыра түсті.
Бұдан кейін олар «Шығыс Ұландары» сыныптарының дәріс алатын бөлмелерін аралап көріп, қызығушылық танытты. Оқушылар болашақ әскери өмірлерін осылайша бір сәт өз бастарынан өткерді.