KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 2 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Аязды күндер Шығыс Қазақстанда басталады

2.01.2014, 18:00 135



Шығыс Қазақстанға көптен күткен қар жауып, айналаны аппақ мамыққа орады. Синоптиктердің болжамы бойынша, Шығыста енді аязды күндер басталады. 5-6 қаңтар күндері ШҚО аумағында сынап бағанасы -30-35 градусқа төмендейді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі "Казгидромет" кәсіпорнының ақпаратына сілтеме жасап.

Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстанның 11 облысында ауа райы күрт суытады. 4-5 қаңтарда Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, 4-6 қаңтарда Қарағанды облысында, 5-6 қаңтарда Шығыс Қазақстанда ауа температурасы түнде 30-35 градусқа төмендеп, кей жерлерде -38 градус аяз қысады. Ал күндіз сынап бағанасы 23-28, кей жерлерде -31 градусқа дейін түседі.

Дауыл туралы ескерту сонымен қатар Қызылорда облысында да жарияланды. Бұл өңірде 4-6 қаңтар күндері түнде 20-25 градус, күндіз 15-20, кей жерлерде -23 аяз болады деп күтілуде.

Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы түнде -25 градусқа дейін суытады, ал күндіз -10-15 градус айналасында.

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив