KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, З
478.54 533.76 5.17

ШҚО-да құтқарушылар Донор күніне қатысты

Фото: ШҚО ТЖД
Фото: ШҚО ТЖД
Бүгін, 09:30 34 Айжанат Бақытқызы

Құтқарушылар төтенше жағдайда ғана емес, кез келген уақытта адамдарға көмекке келуге дайын. Мәселен, сала мамандары үшін Донор күніне қатысу дәстүрге айналған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл күні қан тапсыруға 40 қызметкер ниет білдірген. Біразы үшін бұл өміріндегі алғаш қан тапсыру болса, қалғандарының көп жылдық тәжірибесі бар.

"Процедураның өзі бірнеше минуттан аспайды. Бірақ әрдайым қарбалас жұмыста жүретін біздің қызметкерлерде мұның өзіне уақыт табыла бермейді. Сол себепті, Облыстық қан орталығының мамандары департаментімізге өздері келіп, қажетті мөлшерде қан алып қайтты", – деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Белгілі болғандай, бұл күні құтқарушылар барлығы 15 литр қан тапсырыпты.
"Статистикаға сүйенсек, бүгінде әрбір үшінші адамға кем дегенде бір рет донорлық қан құю қажет екен. Осыны ескере келе біз әрқашан осындай әлеуметтік маңызы бар акцияларға асқан құлшыныспен қатысамыз", – деп атап өтті  ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Айдын Мұстафин.

                                                                                                                                                       Нұржан Кенжеұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив