KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Дауыл тұруы ықтимал Шығыс Қазақстанда алдағы тәулікте

18.12.2013, 18:00 144



Шығыс Қазақстанда алдағы тәулікте дауыл тұруы ықтимал. Бұл жайында Қазгидромет орталығы ескертеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ТЖД-нің баспасөз ақпаратына сілтеме жасап.

Баспасөз парағында көрсетілгендей, 20-желтоқсанның тәулігінде Шығыс-Қазақстан облысында кей жерлерде қар жауып, бұрқасындатады. Желдің жылдамдығы 17-22 м/с дейін, екпін кезінде 25-28 м/с дейін күшеюі мүмкін. Ауа райының бұзылуына орай облыстың аумағында жолдар жабылуы ықтимал.

Дауыл тұруы ықтимал Шығыс Қазақстанда алдағы тәулікте

Дәл қазір Өскеменнен Астанаға бет алған жолаушылар автобусы Семейден ары өте алмай кері қайтқаны белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, алыс жолға шықпас бұрын төмендегідей телефондарға хабарласып, жолдардың жағдайын білуге болады: 777-081, ШҚО ІІБ кезекші, 262-808 "Қазақавтожол" ШКОФ, 574-252 "Облшығысжол" кәсіпорны.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив