KZ
Өскемен
-10°
небольшой снег жел 5 м/с, СБ
519.28 540.05 5.31

ШҚО-да қарлы бұрқасын соғады. Жолдар туралы қайдан мағлұмат алуға болады?

7.11.2019, 06:27 188

Шығыс Қазақстанда демалыс күндері қарлы бұрқасын соғады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– «Қазгидромет» облыстық филиалының ақпараты бойынша 9-11 қарашада ШҚО аумағының басым бөлігінде жауын-шашын мол түсіп, таулы аймақтарда қарлы бұрқасынға ұласады. Тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал, – деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.

Осыған байланысты құтқарушылар алыс сапарға шықпауға кеңес береді.

Сондай-ақ жолға шықпас бұрын, трассаның ашық-жабықтығы туралы мәлімет алуға болады. Республикалық маңызы бар жолдарға байланысты 26-28-08 (Қазақавтожол), облыстық маңызы бар жолдарға қатысты 57-42-52 (ОблШығысЖол) телефоны арқылы білуге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу