Қазақстан аумағында ауа райы күрт бұзыла бастады. Шығыс Қазақстанның жолдарында көктайғақ. Ал Астанада бірінші аусымда оқитын 1-7 сынып оқушылары сабақтан босатылды , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ҚР ТЖМ-нің баспасөз ақпаратына сілтеме жасап.
Шығыс өңірінде күн бұлтты, жер-жерде қар жаууы ықтимал. Ауаның температурасы түнде 0-5 градус нөлден төмен, ал күндіз кей жерлерде сынап бағанасы -10 градусқа дейін түседі.
«Кеше Астана қаласының тұрғындарына дауыл тұруы ықтимал деген смс хабарламалар жіберілді. Ауа райының бұзылуынан (боран, нашар көру) 5-желтоқсанда сағат 11,33 минуттан бастап барлық көлік құралдары үшін барлық бағытта қозғалыстар тоқтатылды», делінген баспасөз парағында.