KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 3,6 м/с, СБ
439.4 473.54 4.76

Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты өлеңдер жинағына арналған поэзиялық кеш Семейде өтті

9.12.2013, 18:00 181



Ақын Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты өлеңдер жинағына арналған поэзиялық кеш Семейдегі № 3 мектеп-кешенде өтті. Бұл шығарма «Бір ел – бір кітап» бағдарламасы бойынша биыл оқырмандар назарына ұсынылған болатын, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Әдеби кеште 10-сынып оқушылары көрермендерді аяулы ақынның өмірі және шығармашылық жолымен таныстырып, оның туған жеріне, елі мен тіліне деген махаббатқа толы өлеңдерін оқыды.

Кезінде жастарды кітап оқуға баулудың бір жолы ретінде «Бір ел – бір кітап» бағдарламасын ұсынып, «2008 жылды ұлы Абайдың қара сөздерінен бастасақ» деген пікір айтқан да осы Фариза апамыз еді. Содан бері әр жыл ақын-жазушылардың шығармашылығына арналып келеді. Мәселен, өткен жыл О.Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным?» атты кітабына арналса, ағымдағы жыл аталған ақынның «Дауа» атты өлеңдер жинағына арналып отыр.

Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты өлеңдер жинағына арналған поэзиялық  кеш Семейде өтті

Кеште Н.Ахметжанов, Ж.Дұлғанова, А.Сембаева және басқа да оқушылардың жатқа оқыған «Менің планетам», «Туған ел», «Мәңгілікпен кездесу», «Мақатаев туралы жыр», «Өмір», «Елге арнау» сияқты өлеңдері көрермендер көңілінен шықты.

Сонымен қатар, Әміре Қашаубаев атындағы Семей қалалық филармониясы әншілерінің орындауындағы М.Мақатаевтың Фариза ақынға арнаған өлеңі мен ақынның сөзіне жазылған әндер де өте әсерлі шықты.

Г.Жекібеева
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив