ШҚО Семей – Ново-Алтайск тас жолының 33 шақырымында жылдамдықты шамадан тыс асырған жүргізуші жолда тұрған көлікпен соғылды. Жараланғандар бар, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Жол сақшыларының мәліметтері бойынша, Фольксваген Пассат көлігін басқарып отырған жүргізуші үлкен жылдамдықпен келе жатып, жолда тұрған Жин Бей көлігімен қақтығысқан.
Бұл жол-көлік апатында Фольксваген Пассаттың жүргізуші мен оның қасында отырған жолаушы жараланды. Зардап шегушілердің бас терісі жыртылып, басқа да жарақаттар алған.
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz