KZ
Өскемен
+24°
ясно жел 2 м/с, В
471.46 504.79 5.53

Шығыс Қазақстанда бір күннің ішінде тіркелген жол-көлік оқиғасында 6 адам көз жұмып, тағы алты адам әртүрлі жарақат алды

18.08.2013, 18:00 140


Шығыс Қазақстан облысында бір күннің ішінде тіркелген жол-көлік оқиғасында 6 адам көз жұмып, тағы алты адам әртүрлі жарақат алды , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық жол полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Омбы-Майқапшағай тас жолының 647 шақырымында екі автокөліктің қақтығысуына жол берілді. Семей қаласынан Павлодарға бет алған Ниссан Максима қарсы жолаққа шығып кетіп, қарсы келе жатқан Тойота Камриді жанап өтіп, алдындағы Ауди-100 көлігіне бетпе-бет соғылды. Жол-көлік апатының салдарынан Ауди-100 көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы оқиға орнында тіл тартпастан көз жұмды. Осы көлікте отырған 10 жастағы бала ауруханаға жеткізілді. Ниссан Максиманың салонында отырған екі жолаушы мен жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.

Осы күні Тарбағатай ауданында тіркелген жол апатында 55 жастағы әйел қайтыс болды.Жол сақшыларының берген мәліметтері бойынша, Қызыл Кесік-Үштөбе жолында Фольксваген Пассат көлігінің жүргізушісі басқаруға ие бола алмай, УАЗ-39094 көлігімен қақтығысып қалған. Бақытсыз жағдайдың салдарынан Фольксваген Пассаттың жолаушысы 55 жастағы әйел оқиға орнында мерт болды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив