KZ
Өскемен
+1°
интенсивная ледяная крупа жел 3 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Бірнеше салаға қосымша қаржы құйылатын болды

27.10.2013, 18:00 138


Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс он бесінші сессиясында облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Елена Ясинскаяның айтуынша, аталмыш өзгерістердің жалпы жиынтық сомасы 800 млн. теңгеден астам қаражатты құрап отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бюджеттің шығыс бөлігі облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясында, ішкі істер департаментінде, облыстық денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, қаржы, білім, денешынықтыру және спорт, мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармаларында ұлғайтылған.

Сондай-ақ, ішкі саясат, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жастар саясаты басқармаларында да артқан.
Баяндамашының сөзінше, бұлардың ішінде қомақты қаржы көзі облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы (274 млн. теңге), энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (111 млн. тең-ге), денешынықтыру және спорт (69,3 млн. теңге), білім (60,6 млн. теңге), денсаулық сақтау (46,4 млн. теңге) басқармаларына бағытталған.

Сонымен бірге Елена Ясинская әр салаға бөлінген қаражаттардың қандай шаруаларға жұмсалатындығын да
рет-ретімен баяндап берді. Аталмыш өзгерістер мен толықтырулар халық қалаулы-лары тарапынан да бірауыздан қолданды.

Дәурен Аллабергенұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив