KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Арман болған «Енисей паромы» жағаға қашан жетеді?

23.10.2013, 18:00 174


– Күршім ауданының жұртына арман болған «Енисей паромы» жағаға қашан жетеді? Қазір өткелден өткі-зіп жүрген кішкентай паром бір тоқтап, бір жүріп, халықты әуре-сарсаңға салып қойды.

Айтмұхамбет Беспаев,
Мульковое ауылы, Күршім ауданы.



Оқырманның сұрағына ШҚ облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржан Жұмәділов жауап береді:

– «Енисей» арнайы мамандандырылған паромын жөндеуден өткізуге байланысты жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысында биылғы 2 мамырда «Гидросталь» ЖШС-мен келісім жасалынып, паром Зырян ауданының Прибрежный кентіндегі осы кәсіпорынға жөндеуге қойылған болатын. Қазір паром түбегейлі жөндеуден өткізілді. Паромның түбі, электр жүйелері жабдықтары, өзге де құрылымдары түгелдей ауыстырылып, ондағы бұрынғы демалыс бөлмесі, ана мен бала бөлмесі барлығы қайтадан қалпына келтірілді.

Осының бәріне облыстық бюджеттен 117 млн. теңге бөлінді. Қазір қозғалтқыш жүйелері түгелдей сынақтан өткізіліп жатыр.

Паром сынақтан өткен соң, алдағы айларда «Енисейді» өткелде салтанатты түрде ашу жоспарланып отыр.

Жанаргүл Мұқатай

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив