KZ
Өскемен
+23°
ясно жел 1 м/с, С
471.46 504.79 5.53

Көпірдің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 450 миллион теңге қажет

22.10.2013, 18:00 201


Семей шаһарының көрікті жерлерінің бірі, жапондықтар салған көпірді ұстап тұруға жергілікті бюджеттің шамасы келер емес. Кезінде республикалық қаржы есебінен салынған көпірдің жөндеу жұмыстарына кім жауапты екені әлі белгісіз, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жөнінде баспасөз мәслихатында Семей қалаының әкімі Айбек Кәрімов мәлім етті.

«Көпірдің шекаралық маңызы зор. Біз жергілікті қазынаның есебінен нысанды қамтамасыз ету мүмкін еместігі жөнінде Көлік министрлігін құлағдар еткенбіз. Алайда бұл мәселе әлі де шешімін табар емес. Біз, әрине, техникалық жағдайын үнемі бақылауда ұстаймыз. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық болғанымен жөндеу жұмыстарының мерзімі таяп қалды. Ағымдағы жөндеу жұмыстарына 450 миллион теңге қажет», деді қала басшысы журналистермен болған кездесуде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив