KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Саратовка ауылында 25 орындық шағын орталық ашу жоспарланып отыр

21.10.2013, 18:00 160


"Аltaynews.kz" сайтында «Саратовка ауылының сиқы кетіп тұр» атты мақала жарияланған еді. Соған орай Ұлан ауданындағы Саратовка ауылдық округінің әкімі О.Оспановтан төмендегідей жауап келді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

"Мақалада аталған мектеп ғимараты кезінде 1200 оқушыға арналып салынған. Қазіргі уақытта 180 оқушыны мектепке орналастыру тиімсіз болатындығы сөзсіз. Ескі мектептің ғимаратын басқа мақсатқа пайдалану жөнінде жиындарда бірнеше рет айтылған, бүгінгі күні осы жай бақылауға алынып, басқа бір мекемені орналастыру мәселесі шешілу үстінде. Ал бұзылып жатқан ғимараттарға келсек, көпқабатты үй жекеменшіктің иелігінде болғандықтан, тұрғындар өз қалауларымен жеке кәсіпкерге тиімді бағаға сатып жіберген. Балабақша ғимаратын да 1997 жылы мемлекеттік коммуналдық меншіктен аукцион арқылы сатып алған иесі бұзуға ниет білдірді.

Су мәселесіне келер болсақ, 2013 жылдың қыркүйек айына дейін Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық колледжінің теңгерімінде болған су жүйесі бүгінгі күні Таврия ауылындағы «Коммунальник» шаруашылығына беріліп, жөндеу жұмыстары басталды. 2004 жылы «Таза су» бағдарламасы негізінде жүргізілген жұмыстардан соң қаржы тапшылығына байланысты тұрып қалып, тозығы жеткен су құбырын жөндеу қайта қолға алынды. Колледждегі студенттер санының азаюына келер болсақ, мекемеге 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап жаңадан тағайындалған басшы аталған шаруаны қолға алуда.

Былтыр округке қарасты Ново-Одесское ауылында 130 орындық жаңа орта мектеп салынып, бұған дейін колледждің екінші қабатында оқып келген оқушылар жаңа ғимаратқа көшірілді. Саратовка және Отрадное ауылдарының оқушылары сабаққа мектептің автобусымен тасымалданады. Үстіміздегі жылдың соңына дейін Саратовка ауылында 25 орындық шағын орталық ашу жоспарлануда, " делінген хатта.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив