KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Ауылдық округтің жолдары шаруа қожалықтары техникасымен тазаланды

10.02.2013, 18:00 136


Ұлан ауданындағы Саратовка ауылдық округінің жолдары мен көшелері қалың қардың құрсауында қалды.Осы жайдан хабардар округтің шаруа қожалықтары азаматтық белсенділік танытып, жол тазалаушыларға көмекке келді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мұнда «Ұлан жолдары» ЖШС қызметкерлері талмай жұмыс істеуде, бірақ олардың күші аздық ететіні анық. Осы жайдан хабардар округтің шаруа қожалықтары азаматтық белсенділік танытып, жол тазалаушыларға көмекке келді.

«Агро-БАМ» және «Жайнақ» шаруа қожалықтарының басшылары Ж.Қасенов пен А.Байсақов «Ұлан жолдарына» қолда бар техникасын ұсынып, үлкен қолғабыс жасады.

Нәтижесінде ортақ күшпен Отрадное, Ново-Одесск, Саратовка ауылдарының көшелері қардан арылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив