KZ
Өскемен
+9°
небольшой проливной дождь жел 4 м/с, З
441.66 475.14 4.86

Күре жолдық медициналық құтқару пункттері салынып жатыр

16.10.2013, 18:00 148


Құрылысы жоспарланып жатқан кезекті 14 күре жолдық медициналық құтқару пункттері Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Қызылорда және Павлодар облыстарында орналастырылады. Ал 2015 жылға дейін барлығы 40 пункт құрылатын болады, деп хабарлайды Аltaynews.kz .

Елімізде өткен жылдан бастап республикамыздың күре жолдарының айтарлықтай қауіпті учаскелерінде күре жолдық медициналық құтқару пункттері жұмыс істей бастады. Күре жолдық пункттер зардап
шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған.

Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау, Көлік және коммуникация, Ішкі істер министрліктерімен «Күре жолдық медициналық құтқару пунктінің жауапты аймағында жол көлік оқиғалары кезінде өзара іс-қимыл тәртібі туралы» 4 жақты бұйрығы әзірленіп бекітілді, онда күре жолдық пункттердің жол-көлік оқиғалары кезінде жол полициясы бөлімшелері, жол-пайдалану пункттерінің кезекші қызметтері мен медициналық ұйымдармен өзара іс-қимылы және хабарласу кестесі белгіленді.

Мүдделі министрліктер күре жолдық медициналық құтқару пункттерін құруға лайық республикалық маңызы бар жолдардың айтарлықтай қауіпті учаскелерін анықтады.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, білікті және жедел қызмет ететін бригада қызметкерлерінің ұйымдасқан жұмысының арқасында көптеген адамдардың өмірін сақтап қалу мүмкін болды. Республикалық маңызы бар күре жолдарда «112» бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің және күре жолдық медициналық құтқару пунктілерінің телефон нөмірлері көрсетілген жол бойындағы ақпараттық қалқандар орнатылды.


Ержан Ысқақов

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив